Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » Универсияданың басталуына санаулы күндер қалды

Универсияданың басталуына санаулы күндер қалды

Qosyldy: 20.01.17
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Универсияданың басталуына санаулы күндер қалдыСтуденттік спорт тарихы сонау 1905 жылдан бастау алады. Сол жылы алғаш рет АҚШ та болыпты. Одан кейін 1959 жылы Унивирсияда атауымен Италяның турин қаласында өткен екен. Содан бері Унивирсияда әлемдегі айшықты халқаралық бұқаралық және мәдени оқиғалардың бірі болып табылады.  

 

Алып шаһар Алматы қалысыда халқаралық 28-i универсияда 2017 қысқы ойындарының басталуына санаулы күндер қалды.  Сынға түсуге 50 ге жуық алыс жақын шет елдерден  спортшылар  келмек. Жарыста  спорттың 13 түрінен  ойындар болады. Атап айтар болса;  шайбалы хокей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, биатлон, таудан шаңғымен сырғанау  және тағы да басқа. Халқаралық дода қаңтар айының 28 ен бастап, ақпанның 8 не дейін жалғасады.

 

 Айтулы мереке қарсаңында  іс-шараға Алматы халқы жан-жақты дайындалуда. Соның бір дәлелі Алатау ауданындағы «Домиллион» және «Алатау» сауда орталығында  Алатау аудан әкімдігінің   ұйымдастыруымен өткен  «Біз спортшыларды қолдаймыз» атты  концерт . Шараға  №1-ші оқушылар үйінің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

 

  Құрманбек Арман «Көк тудың желбірегені», Төлеген  Әсия «Туған жер» әнін орындаса,  Еркеназ би тобы «Павлин» биімен көпшілікті таңқалдырды. Мерекелік жиынға аудан тұрғындары мен қоса аталмыш сауда орталықтарының қызметкерлері де   жиналды. Алатау аудан әкімінің баспасөз қызметі