» » Астанадағы Алматы күндерінің аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне тоннадан астам алматының апорттары үлестірілді

Астанадағы Алматы күндерінің аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне тоннадан астам алматының апорттары үлестірілді

Автор: admin 7-11-2016, 18:44

Астанадағы Алматы күндерінің аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне тоннадан астам алматының апорттары үлестірілдіӨткен демалыс күндері, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында елордаға келген алматылықтар астаналық тұрғындарға отандық эстарада жұлдыздарының қатысуымен мазмұнды мәдени бағдарламаны ұсынып, Астанадағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен жүздесті.

Елордадағы Алматы күндері «Алматы- Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты мультимедиялық көрмемен ашылып, бұл мәдени шара Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Астана жұртшылығы мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің бастауын айқындайтын Алматы тарихы мұражайы қорының экспонаттарымен танысты.

«Алматыда маңызды мемлекеттік шешімдер: тәуелсіздік декларациясы, Конституция қабылданып, еліміздің шекарасы айқындалды, ұлттық валюта енгізілді. Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында бүгінгі күні Алматы тек мәдениет пен зиялы қауым орталығы ғана емес, сонымен қатар ел экономикасының бес бөлігін беретін бизнес қалаға да айналды», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек көрменің ашылу сәтінде.

Атап өтерлік жайт, көрменің мультимедиялық контенті Жетісу мен қазақстандық алғашқы мегаполис туралы сыр шертетін тарихи фотосуреттерге толы болды. Көрмеде Алматы бойынша 3D-тур ұсынылды, оның барысында астана тұрғындары мен қонақтары қаланың мәдени және айшықты нысандарымен танысты, 100-нан аса фотосуреттер мен 32 археологиялық экспонаттар көрсетілді.

Алматы күндері аясында оңтүстік астана өкілдері SOS Балалар ауылында, Балалар үйлерінде, мүгедектер үйлерінде, №1 балалар үйінде болып, елордадағы балалар үйлерінің тәрбиленушілеріне тоннадан астам алматылық апорттар мен үш мың шоколад үлестірді. Ақпарат көзі: http://www.almaty.gov.kz/


Комментарии к статье:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем

Создать аккаунт

almatybala.kz

Алматы бала бақшалары

Наурыз

Опрос

Детский сад в каком районе Вас интересует?

Алмалинский
Алатауский
Ауэзовский
Бостандыкский
Медеуский
Турксибский
Жетисуский
Наурызбайский