Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » «Marry Poppins» балабақшасы

«Marry Poppins» балабақшасы

Qosyldy: 17.11.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

«Marry Poppins» балабақшасы2016 жылғы 17 қарашасы күні Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ә.Пірәлиев және Республикалық жеке меншік білім беру Қауымдастық ұйымдарының директоры Р.Ш.Садыковамен «Marry Poppins» балабақшасында жұмыс сапарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында әкімінің орынбасары балабақшаның басшысы мен ұжымын құттықтап, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Балтөре Әбдіханұлы Наурызбай ауданы әкімінің атынан естелік үшін балбөбектердің кәдесіне жарайтын бағалы сыйлық табыстады.

«Балапан» бағдарламасы бойынша, «Mary Poppins» балабақшасы Халықаралық қорының мониторинг қорытындысымен Қазақстан Республикасының ең үздік үш балабақшаларының қатарына кірді.

Ағымдағы жылдың 1 қазаны күні Астана қаласында Халықаралық инженерия және экология ғылым академиясының президенті Т.М. Туремуратов, ақын М.Шаханов және Қазақстан Республикасы педагогикалық даму орталығы директорының қатысуымен марапаттауы өткен болатын.

Егеменді еліміздің ертеңі - балдырған балапандардың болашағы жарқын болуын  тілейміз!

Аудан әкімінің баспасөз қызметі