Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » №116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті

№116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті

Qosyldy: 16.01.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

 Аталмыш іс-шарада Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировна,ҚР Ұлттық Кооперативтер және басқа Экономикалық қауымдастықтардың қауымдастығы. Қазақстан Республикасының «Бейбітшілік» қайырымдылық қорының төрағасы  Шайх Қазыбек ӘлтайұлыАлматы қазақ мемлекеттік  гуманитарлық-педагогикалық колледж №1 - әдіскері  Мухамеджанова Ұлман Жумагазиевна және  медеу ауданы әдістемелік қызмет бөлімінің мүшелері қатысты.

Семинарда №116 бөбекжай- балабақшасы меңгерушісі Атханова Эльмира Бектұрғанқызы  баяндама жасады.

Баяндама:


                        Құрметті қонақтар! Біздің балабақшамызға қош келдіңіздер!

Мен бүгін Сіздердің алдарыңызда     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туралы  сөз етпекшімін. Өздеріңіз байқап жүргендей, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған осы мақаланы, мақала емес бағдарлама деуге болады, қазіргі кезде еліміздің барлық аймақтарында тұрып жатқан халқымыз, ұйым, мекемелерде жұмыс істейтін еңбек адамдары танысып, ой елегінен өткізу үстінде. Айтулы бағдармалық мақаланы алдымен өзім мұқият оқып, бүкіл ұжым болып талқыладық. Елбасының осыдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы екенінде      дау жоқ деп есептеймін. Мақаланың мазмұны мен көтеріп отырған мәселесі, әсіресе ұлттық құндылықтарымыздың тереңде жатқандығын ұғынуға болады. Елбасы бұл мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған» деп атап өткен.

 Шындығында        ата-бабаларымыз металдар өндіру ісін дамытып, біздің өлкемізде ежелгі заманда-ақ алтын, күміс, қола металдарынан неше түрлі әшекей бұйымдар жасай білген. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары, Есік қаласының іргесіндегі қорғаннан табылған «Алтын адам»  соның дәлелі. «Алтын адамды» көрген кез келген адам, сол ерте заманның өзінде         біздің бабаларымыздың асқан шеберлігін байқай алады. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері         ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген Ұлы Жібек жолы, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалтақтар, атқа міну мәдениеті, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайыт қана емес, сонымен қатар, әрбір қазақ үшін аса қымбат құндылықтар. Олай болса, осы құндылықтарды Елбасының сөзімен айтқанда «Ел болашағы – жастардың» бойына сіңіру дейтін болсақ, онда  ең алдымен  мектепке дейінгі  білім беру  ұйымдарда тәрбиеленетін бүлдіршіндерден бастау керек  деп түсінеміз. Сондықтан бүлдіршіндерімізді балабақша қабырғасынан бастап Отан сүйгіштікке, ата-бабамыздан қалған сал-дәстүрлерімізді, қол өнерлерімізді біліп өсуі қажет деп санаймыз. Біздің балабақша ұжымы Елбасының жоғарыда атап өткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ең алдымен тәрбиешілеріміздің өздері ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді, қол өнерлерді қайта жаңғыртуды қолға ала бастады. Шынын айту керек, әсіресе ұлттық қол өнерлерімізді жас мамандар  біле-білмейді. Бір жақсы жері - тәрбиешілеріміз білмегенін үйренуге ұмтылды, ауылдық жерде өсіп, ұлттық құндылықтарымызды көріп өскен әріптестерінен сұрастырып, интернет желісінен, газет, журналдардан іздестіру секілді жұмыстардан қашпады.

    Соның нәтижесінде педагогтар білмегенін тез үйреніп алып, бойындағы қасиетін, қол өнер жұмысын бүлдіршіндерімізге үйрете бастады. Жақында тәрбиенушілерімізге мына бір нәрсенің қайдан пайда болатынын үйреттік. Мысалы, жүн қайдан пайда болады, жүннен қандай  бұйымдар жасалынады, соны көрсетіп, үйреттік. Өздеріңіз жақсы білесіздер       қалада туып, қалада өскен ата-аналардың өздері жүн түту, киіз-текемет, киіз байпақ, пима  қалай жасалатынын көрмеген де, білмейді де. Балаларға осының барлығын көрсету үшін ауылдан жүні қырқылмаған қойдың терісін алдырдық, бүлдіршіндеріміздің көзінше қой терісіндегі жүнді қайшымен қырқып, қолмен түткіздік, киіз-текемет жасаудың қаракетін жасадық, қырқып тазаланған жүнді бояумен бояп, текеметтің бетін әшекейледік те, жүннің үстіне су бүркіп, білекпен білеуледік,   киіз болып қалыптасуын жасадық. Киізді жайып, бойындағы ылғалды кетіру үшін оны жайып, кептірдік.

Міне осы киізден ата-бабаларымыз неше түрлі бұйымдар – төсеніш киіз, киіз шекпен, киіз қалпақ, пима, байпақ, қазақ үйдің жамылғысын, ертоқымның жабдықтарын жасағанын көрнекі құралдармен көрсетіп, түсіндірдік. Бұл жерде ата-аналардың да көп көмегі болғанын ашық айта кеткеніміз жөн болар. Ата-аналарымыздың, балабақша педагогтарының белсенділігімен жүннен жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, балаларды таныстырдық.

 «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Олай болса балабақша оқу-тәрбие жұмысының тал бесігі деп санаймыз, сондықтан тәрбиенушілерді ата-баба салт дәстүрімен, қол өнерімен таныстырып, мүмкіндігіне қарай үйрету біздің міндетті борышымыз деп білемін. Бала балабақшадан өзінің отбасына кешкітұрым барғанда,  телеэкранға немесе ұялы телефонға  көз майын талдырғанша отырғаннан гөрі        біздің мекемеде үйренгенін – жүн түту, одан не нәрсе жасалатынын ата-анасына көрсетіп, әңгімелесіп отырса, баланың ой-өрісі тез қалыптасатына сөз жоқ. Осындай жағдайда,  біріншіден, бала мен ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы ұлғаяды, екіншіден, баланың жүн түтіп, еңбек етуі оның денсаулығын жақсарта түседі, өйткені бала жүн түте отырып, саусақ бұлшық еттері дамиды, үшіншіден, баланың мінезі төзімділік пен шыдамдылыққа бейімделе түседі.

Өткен оқу жылында біздің балабақша ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып «Қазағымның үні – сенсің домбыра»  тақырыбына қала көлемінде семинар өткізді. Балалар қазақтың қара домбырасының қасиетін, «Ақсақ құлан» күйінің қалай дүниеге келгенін айтып,  бүлдіршіндеріміз оқиғаны  сахналап  көрініс ретінде  көрсетті. 

Біздің мұндағы мақсатымыз – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымыз – салт-дәстүрлеріміз бен  қол өнерін жас өскін бүлдіршіндеріміз  біліп өссе, сөйтіп Елбасымыздың алға қойған Ұлы даланың жеті қырын бойына сіңіріп өссе     біздің жұмысымыздың нәтижелі болғаны деп санаймыз.

Назар аударып тыңдағандырынызға көп рахмет!

 

№116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті

№116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті
№116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті
№116 бөбекжай-балабақшасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша Семинар-брифинг болып өтті