№170 бөбекжай- балабақшасында» ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Сүйікті қаламыз Алматыға 1000 жыл» тақырыбындағы спорттық отбасылық сайыс өткізілді
Аталмыш мерекені балабақша
меңгерушісі Сабырова Тлеулес Орынбайқызы құттықтау сөзімен ашып берді.
Мерекеде ата-аналар комитетінің төрайымы және оның мүшелерімен
қатар мектепалды
даярлық тобының ата-аналары қатысты.
Қазылар алқасының
шешімімен бірінші орынды «Қырын» тобынан атынан қатысқан Төлеубековтар
отбасы иеледі, екінші орынды «Сұңқар» тобының атынан Ахметовтар
отбасы, үшінші орынды «Тұлпар» тобы атынан қатысқан Нокиндер отбасы
иеледі. Жеңімпаздар грамота және сыйлықтармен марапатталды
Әділқазылар алқасы мүшелері :
1. «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі- Рая Ескендір
2. №87 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу –тәрбие жөніндегі орынбасары Искакова Бахытгүль Мамаевна
3. Ата аналар комитетінің төрайымы Балғабаев Мухидин