Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » Жалпықалалық сенбілікке 180 мыңнан астам алматылық қатысты

Жалпықалалық сенбілікке 180 мыңнан астам алматылық қатысты

Qosyldy: 17.04.17
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Жалпықалалық сенбілікке 180 мыңнан астам алматылық қатыстыАлматы әкімі Бауыржан Байбек жалпықалалық сенбілік барысында Ботаникалық бақта жас шыршаларды отырғызуға қатысты. 2006 жылдан бастап бұл бақ республикалық маңызы бар табиғаты қорғалатын аймақтар тізіміне енген және биыл өзінің 85 жылдығын атап өтеді.

Ботаникалық бақтың негізі 1932 жылы қаланған, 104 га жерге орналасқан, мұнда Қазақстандағы тірі өсімдіктердің ірі және ерекше түрлерінің бәрі бар. Бақтан 2 235 таксон, 255 мың жоғары тамырлы өсімдіктер, саңырауқұлақтардың мыңнан астам түрлері табылады.

Осынау ерекше нысанды қолдау үшін Алматы әкімдігі ҚР Білім және ғылым министрілігімен бірге «Бас ботаникалық бақты дамыту қорын» құруға қатысты жұмысшы тобын жасақтаған еді.. Қор қаржысы есебінен «Lord Cultural Resources» халықаралық сәулет- дизайнерлік компаниясы бақты қайта жасаудың жобасын жасады.Концепцияның негізі идеясы: «ХХІ ғасырдың Ботаникалық бағы – жаңа технологиялар бағы» деп аталады.

«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК дирекциясы қормен бірге биыл бақ аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізеді және тротуарларды өалпына келтіріп, жарық көздерін жаңалайды Сонымен қатар, Әл Фарабаи даңғылы тарапынан қосымша кіруі топтары ұйымдастырылып, бақты сурау жүйесі қайта жасалады.

Жалпықалалық сенбілікте 44 км өзен арналары мен жағалаулары, 209 км арық жүйелері тазарды. 3 мың қума метр қоршау, 182 тірек, 624 орындық, 1 мыңнан астам урналар, басқалары боялды. Жиналған қоқысты сытрқа шығарумен коммуналды қызметтің 763 арнайы техника бірлігі айналысты, 8915 м 3 қоқыс шығарылды.

28—ші гвардияшыл-панфиловшылар, «Дружаы», «Халық», «Фэмили», Жырау, «АРО» саябақтары,Сац атындғы жастар театры, «Шуұғыла» кинотеатры,Маяк поселкесіндегі бақ, Сақ қорғаны, Сайран өзені Әуежай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Есентай, Қонаев атындағы ҮАК жасылдандырылды. Розыбакиев, Гагарин, Әл-Фараби, Спасск, Момышұлы, Ақын Сара, көшелері мен Көкжиек, Карағайлы, Ақжар, Кұрамыс Айнабұлақ-2 ықшам аудандарындағы бос жатқан жерлер де тазартылды.


Саялы, Дархан, Алғабас, Алтын бесік, Жетісу-3, Ақсай-1, мкр. №6,7, Айнабұлақ, Құлагер, Көкжиек, Қалқаман ықшам аудандарының тұрғындары сенбілікте белсенділік танытты.

Байтұрсынов-Жамбыл көшелерінің жоғары жағында,.Ақсай-4 ықшам ауданында, Орталық саябақта,Маяк псоелкесінде, Бостандық ауданының аулаларында, қалаға қосылған Алатау және Наурызбай аудандарындағы елді мекендерде ағаштар отырғызылды.

Сенбілік күні 3325 дана ағаш отырғызылды.Жалпы көктем мауысымында 10 мыңнан астам үлкен және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады деп жоспарлануда.