Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » Бостандық ауданы аумағында дератизациялау жұмыстарын жүргізу жалғасуда

Бостандық ауданы аумағында дератизациялау жұмыстарын жүргізу жалғасуда

Qosyldy: 08.12.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)
Бостандық ауданы аумағында дератизациялау жұмыстарын жүргізу жалғасудаАлматы қаласы Бостандық ауданы аумағында ағымдағы жылдың 6 желтоқсаннан 9 желтоқсан аралығында көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне (шатырларға қажет болған жағдайда) және қоқыс жинау алаңдарына дератизациялау жұмыстары жүргізілуде.

 Аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Алматы қаласы әкімдігі, мердігер мекеме – «Дезинфекция орталығының Алматы қаласы бойынша филиалы» Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Дератизациялау жұмыстары кезінде аудан көлемінде орналасқан 1704 көп қабатты тұрғын үйлердің барлығы қамтылатын болады.

  2016 жылдың 6 және 7 желтоқсан күндері жеті жұмыс тобының күшімен 1032 көп қабатты тұрғын үйдің жер төлелеріне дератизациялау жұмыстары атқарылды.

Дератизация  – бұл індет ауруларын тарататын кеміргіштерге қарсы күрес. Дератизация кеміргіштертарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез,т.б.) қоздырғыштарын  дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық(ит, мысықпен ұстау,оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.