Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » Шағын футболдан аудандық турнир

Шағын футболдан аудандық турнир

Qosyldy: 24.09.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

Шағын футболдан аудандық турнир   2016 жылдың 24 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.

Екі күні бойы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған   11 құрама команда өзара белдесіп, жарыстың қорытындысы бойынша  бірінші орынды Медеу ауданы прокуратурасының командасы, екінші орынды ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаментінің  Медеу аудандық бөлімі, ал жүлделі үшінші орынды  Медеу аудандық Ішкі істер басқарамасының командасы иеленді.

Спорттық шара соңында Медеу ауданының әкімі Е. Жылқыбаев жеңімпаз командаларды құттықтап, тиісті дәрежедегі грамоталармен марапаттады.

Айта кететін жайт, жыл соңына дейін спорттың басқа түрлерінен   де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған спорттық жарыстар    ұйымдастыру жоспарланған.