Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » Түркісіб ауданында 50 орындық «Лесная сказка» бала-бақшасы ашылды

Түркісіб ауданында 50 орындық «Лесная сказка» бала-бақшасы ашылды

Qosyldy: 23.09.16
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

     Түркісіб ауданында 50 орындық «Лесная сказка» бала-бақшасы ашылдыТүрксіб ауданында 50 орындық мемлекеттік тапсырыспен құрылған «Лесная сказка» жекеменшік бала-бақшасының ашылу салтанаты болды.    

 

     Бұндай  бала-бақшаның ашылудағы негізгі мақсаты  аудандағы бала-бақшаның жетіспеушілігін төмендету.

 

   «Лесная сказка»  бала-бақшасы өз уақытында жекеменшікке берілген және басқаша жабдықталған ведомствалық үлгісіндегі бала-бақшалардың бірі.

 

    Бекітілген санитарлық ережеге сәйкес 5 уақыттық тамақ, медициналық құралдармен жабдықталған кабинет, ойын және ұйықтайтын бөлмелер,оқу сыныптары, балалар алаңы ұйымдастырылған.

 

     Осы жыл ішінде аудан аумағында 384 бала үшін 353 орындық 9 аралас жекеменшік («Балапан» бағдарламасымен) бала-бақша ашылды.    

 

     Ауданда 1 349 баланы қамтитын мемлекеттік тапсырыстағы жалпы  21 жекеменшік 1 041 орындық бала-бақшалар жұмыс істейді.