Қазақша | Русский
Almaty qalasy balabaqshalary
Ясли-сады города Алматы
» » ҚазҰУ-ым – мақтанышым!

ҚазҰУ-ым – мақтанышым!

Qosyldy: 03.05.19
Аvtor: admin
Pikirlerи (0)

     Университет – ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Өзіндік тариxы бар, көпжылдық білім беру саласында және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – жоғары білім берудің көшбасшысы. 85 жылдық тариxы бар қара шаңырақ-еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.

     Қала ішінде "Казгуград" қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттің өзін-өзі дамытуы мен жетілуіне барлық жағдай жасалған. Айта кетер болсам: Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.  Мен өзімнің осынау мүмкіндіктерге толы "қара шаңырақта" білім алып жатқанымды мақтанышпен айта аламын. Себебі, ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, «QS World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. 


     Қалай десек те, ҚазҰУ – болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Олай дейтін себебім, еліміздің басты оқу орны менің жаңа қырымнан танылуыма мүмкіндік туғызып қана қоймай, білім алуға деген потенциалымды көтергендей болды. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргенімді өмірімдегі ең үлкен жетістік деп білемін!


Нұрданбекқызы Ұлжан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Идея авторы: Ақжігітова Аққибат Орақбайқызы