almatybala.kz
» » ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!
» » ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

    ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

    Білімнің алтын ордасы – қарашаңырақ болып саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студент дамуы үшін жан-жақты, толық мүмкіндік жасаған мекен болып саналады. 

    ҚазҰУ – ерекше университет. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. 

    Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді.  Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.

    Оқытушы-профессорлар құрамы 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

    Университеттің 15 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, медицина, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті.       ҚазҰУ-дың 85 жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім деп білемін. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан білім алады. «Өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын әрдайым университеті үшін арнайды. Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса да ұғынықты. 

    Ғаниқызы Аружан, 

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті.

    Пән оқытушысы: Ақжігітова Аққибат Орақбайқызы

    Похожие новости
  • ҚазҰУ-ым – мақтанышым!
  • Абай институты – ҚазҰУ жастарының зор мүмкіндігі
  • Алмалы ауданына қарасты КМҚК № 132 бөбекжай-балабақшасы
  • Жалпықалалық сенбілікке 180 мыңнан астам алматылық қатысты
  • Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа оқу жылының басталуына орай Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиядағы салтанатты шараға қатысып, қаланың барлық мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады.
  • Фото новости
    Событие дня
    Новые статьи
    24 май Информация по приему в дошкольные организации города Алматы

    04 май КазНУ – самый лучший университет в Казахстане!

    04 май ҚазҰУ-ым – қарашаңырағым!

    Топ новости